Жасанды сана және адамзаттың жаңа дәуірі

Эрик Шмидт, Генри Киссинджер, Дэниел Хаттенлокер

Подробнее

Издательство: «Альпина Диджитал»

Возрастное ограничение: 16+

Жанры: Иностранные языки, Учебная литература

Фрагмент книги «Жасанды сана және адамзаттың жаңа дәуірі»

ЖИ пайдаланылатын соғыс дегеніміз не?

Денсаулық сақтау, биология, ғарыш және квантты технологиялар саласындағы ЖИ-мен байланысты инновациялар қандай болады?

ЖИ пайда болуымен адами қарым-қатынас тобы және балалар тәрбиесі қалай өзгереді?

ЖИ адам ұғынбайтын шындық аспектілерін қабылдай ма?

ЖИ-дің үйлестіру мен басқаруға қатысуы адамдарды қалай өзгертеді?

ЖИ дәуірінде «адам болу» нені білдіреді?

Біз ЖИ-дің пайда болуына байланысты мүмкіндіктер мен проблемаларды түсінуге тырыса отырып, соңғы үш жыл ішінде осы және басқа да мәселелерді талқылап келеміз. Біз ЖИ-дің не екенін, қандай жетістікке жете алатынын және неге айналатынын түсінгіміз келді. Соңғы жылы COVID-19 пандемиясы жағдайында бізге бейнеконференция режимінде кездесуге тура келді, яғни бұл — таяуда ғана мүмкін еместей көрінген, бірақ қазіргі таңда жалпыға ортақ игілікке айналған тағы бір технология. Өткен ғасырда тек соғыс уақытында болған шығындар мен түбегейлі өзгерістерді бастан кешірген жаңа локдаун заманында біздің ЖИ-ге арналған апта сайынғы кездесулеріміз ЖИ-де жоқ достық, білмекке құмарлық пен өзара қолдауға толы болды.

Барлығымыз бірдей ЖИ-ге оптимистік көзқарастамыз деуге болмайды. Бірақ біз адамның ойлауын, білімін, түйсігін және шындықтың өзін өзгерте отырып, бұл технология сол арқылы адамзат тарихының бағытын өзгертетіндігі жөнінде ортақ пікірдеміз. Біз ЖИ-ді дәріптеп жатқан жоқпыз және оны даттауға да тырыспаймыз. ЖИ кеңінен таралған, сондықтан біз оның пайда болуының салдарын адамның қабілеті жететіндей дәрежеде ұғынуға тиіспіз. Сұрақтар қоя отырып, біз оларға жауаптарымыз бар екенін көрсетуге тырыспаймыз, бірақ бұл кітап болашақ пікірталастардың бастауы және шапшаңдатқышы болады деп үміттенеміз.

Бір кітаппен жаңа дәуірді суреттеуге тырысу біздің тарапымыздан тым менмендік болып саналар еді. Ешбір маман, мейлі, ол қай салада жұмыс істесе де, машиналар үйреніп, адамның ойлау қабілетінен тыс логиканы қолданатын болашақты өз бетінше түсіне алмайды. Сондықтан түрлі мемлекеттердің міндеті — осы болашақты түсініп қана қоймай, оған бейімделуге көмектесетін ынтымақтастықты ұйымдастыру. Бұл кітаптың мақсаты — болашақтың келбетін көрсету, ал оның егжей-тегжейі қандай болатынын оқырман өзі шешуі тиіс. Әйтсе де жағдай әзірге біздің бақылауымызда болғандықтан, біз болашағымызды адами құндылықтар негізінде қалытастыруға тиіспіз.

Читай без интернета

Любимые книги всегда доступны для чтения без доступа к интернету. Для этого всего лишь нужно загрузить книгу на устройство.

Мы в Telegram

@patephoneapp