Пайдалы бола бiл. Өмірдің жеті қағидасы

Арнольд Шварценеггер

Подробнее

Издательство: Альпина Диджитал

Возрастное ограничение: 16+

Жанры: Non-fiction, Иностранные языки

Фрагмент книги «Пайдалы бола бiл. Өмірдің жеті қағидасы»

Бұрыс түсініп қалып жүрмеңіз, біздің өзіндік жетістіктеріміз де болды. Біз партияларға адамдардың заңды мүдделеріне тыйым салуға, саясаткерлерді көк мылжыңға айналдыруға мүмкіндік берген жүйенің көзін жойдық. Біз экологиялық алға жылжуымызды жоққа шығаруға талпынған мұнай компанияларын жеңдік және одан да қарқынды жұмыс жүргіздік, барлық штатты күн батареяларымен және басқа да жаңартылатын энергия көздерімен жабдықтадық. Бұл — жер шарындағы таза технологиялардың дамуына қосылған дәуірлік үлес!

Бірақ сол онжылдықтың соңында штатты басқарудың қаншалықты озық және революциялық идеялары мен әдістерін білсең де, үйсіз адам «сен неге біздің үйден айырылмауымыз үшін ештеңе жасамадың» деп сұрағанда немесе ата-ана баласының мектеп бюджетін неге қысқартқаныңды, ал жұмысшы неліктен жұмыстан шығып қалғанын сұрағанда, бәрібір өзіңді түкке тұрғысыз сезінесің.

Әрине, жалпыға аян сәтсіздігім тек бұл емес. Спортта да сәтсіздіктерге тап болдым, өтпей қалған фильмдерде рөл сомдадым, жалпы айтқанда, «DJI Dow Jones» өнеркәсіптік индексі сияқты өзімнің сенімділік рейтингімнің құлдырағанын бірінші рет көріп отырған жоқпын.

Бірақ түбегейлі құлдырау әлі бастала қойған жоқ.

Менің әлемімді құртқан қаржылық дағдарыс емес.

Мұны өзім істедім.

Өз отбасымды қираттым. Бұл менің кез келген қайғы-қасіретімнің ең ауыры болып шықты.

Бұл орайда ол жайлы толық қайталап отыруды жөн санамаймын. Бұл туралы бұрын басқа жерлерде айтып бергенімді, оны өзгелер қалай таратқанын сіздер білесіздер. Ал білмесеңіз, «Google» туралы естіген шығарсыз және ақпаратты қалай табу керектігін білесіз. Бір-ақ нәрсені айтқым келеді: мен өз жақындарымды қатты өкпелеттім, олардың жанына жара салдым және олармен қарым-қатынасымды жөнге келтіру үшін, қайтып оралу үшін ұзақ жол жүрдім. Ал енді бұл қарым-қатынастарымды өсек-аяңға айналдырғандарын қаламаймын. Дәл сол жылдың соңында өзімді бір мезгілде тым қалыпты әрі тым бөтен сезіндім. Талай рет төменге құласам да, бұл жолы мен құрдымға толықтай түскенімді түсіндім. Құрдымның түбі түнек, лас еді, енді маған тезірек шешім қабылдау керек болды: өзімді тазартып, еңсемді тіктеуім керек немесе берілуім керек.

Читай без интернета

Любимые книги всегда доступны для чтения без доступа к интернету. Для этого всего лишь нужно загрузить книгу на устройство.

Мы в Telegram

@patephone_audioknigi